• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-дағы силикатты кобальт-никель кен орнын игеру деңгейі 33 млрд теңгеге бағалануда 15.10.2014

Хабарламада айтылғандай, кен орны Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінде орналасқан. Осыдан 20 жыл бұрын ол жерден руда табылған. Зерттеу қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссияның бекіткен С2 санатындағы кен орнының  қоры 1999 жылы 20,4 млн тонна руданы құрады. Соның 173 мың тоннасы никель болса, 12 мың тоннасы кобальт. 2008 жылғы сәуірдегі алдын ала есеп бойынша В және С1 санатындағы 13,1 млн тонна руда бары анықталған. Соның ішінде 118 мың тонна никель, ал С2 санатындағы 13,2 млн тонна руданың 117 мың тоннасы никель.

Бесқарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, аталмыш жобаның қабылдануы тек аудан мен облыс деңгейінде ғана емес, сонымен қатар, ел экономикасында да айтарлықтай мәнге ие.

«Жобаның құны 33 млрд теңге. Қазіргі таңда барлық геологиялық-барлау жұмыстары аяқталды. Бұрғылау жұмыстарына кірісу үшін үкімет деңгейіндегі қол қойылған келісімді алып келу керек. Барлық құжаттар Астанада жатыр. Құжат мақұлданғаннан кейін минерал өндірісіне кірісіп кетеміз», - дейді ол.

Аудан әкімінің айтуынша, жобаның елге берері мол. Атап айтар болсақ, жоба арқылы 600 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар, қосымша салықтық түсімдер артады. Мұнымен шектелмей ауданның дамуына бағытталған маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар қарқын алмақ.


Back to the list