• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Машина жасаушылар  форумы Қазақстанда ондаған бірлескен  өндіріс ошақтары мен кәсіпорындарды  ашуға мүмкіндік береді - Пішембаев 13.10.2014

 «Форум шеңберінде машина жасау  саласында көптеген келісімдерге қол жеткізілді. Ауқымды шараға әлемнің 19 мемлекетінен келген 200-ден астам делегат қатысты. Атап айтар болсақ, олар Ресей, Австрия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б. Форумда әлемнің 10 мемлекетінен келген делегаттар болды.  Жалпы, форум қарым-қатынас орнату, өндірісті ұйымдастыру саласын  нығайту және технологияларды тарту алаңына айналды», - деп сендірді М. Пішембаев.

Сонымен қатар, Парламенттің төменгі палатасының құжаты машина құрастыру саласындағы бірлескен кәсіпорын құру Қазақстан экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатынына үлкен үміт артатынын айтты.

«Форум қорытындысы бойынша қол қойылған келісімдер Қазақстан экономикасын өрге сүйрейтін ондаған кәсіпорындардың пайда болуына жол ашпақ», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 9-10 қазан аралығында Астанада II Қазақстанның машина жасаушыларының  форумы өтті. Онда Қазақстан мен шет елдің машина жасау  саласы мамандары бас қосты. Форумның басты тақырыбы ретінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру бағдарламасындағы Қазақстанның машина жасау  саласының мәселелері талқыланды. 

Индира Қауметова

 


Back to the list