• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Машина жасау  саласы индустриялды дамудың келесі тармағындағы қозғаушы күшіне айналуы керек 10.10.2014

«Құрметті Форумға қатысушылар, құрметті қонақтар, Қазақстанның машина жасаушылары II Форумының ашылуымен құттықтаймын. Соңғы төрт жылда Қазақстанның машина жасау  саласы тұрақты өсіп келе жатыр. Индустрияландырудыың бірінші бесжылдығын іске асыру кезінде саладағы өнім көлемі екі есеге дейін артты. Атап айтсақ, 2010 жылы бұл көрсеткіш 376 млрд теңге болса, 2013 жылы 854 млрд шамасында болды», - делінген Мемлекет басшысының сөзінде.

Оның айтуынша, елде машина құрастыру саласының жаңа тармақтары да даму үстінде: темір жол, локомотив өндірісі, жолаушылар поезы, автокөліктер, автобустар өндірісі, жүк және жеңіл көліктер мен энергетикалық машина өндірісінің болашағы зор.

«Қазақстанда «General Electric», Talgo, Hyundai, Toyota секілді атақты компаниялармен бірлесе жұмыс істеу жолға қойылған. Көптеген атақты брендтер Қазақстанда жаңа жобаларды қолға алуда. Бұл дегеніңіз инвесторлардың сеніміне кірудің таптырмас кілті. «Инвестиция туралы» Заңға енгізілген түзетулерге байланысты Үкімет әлеуетті инвесторлармен жүйелі жұмыс істеп, алдағы уақытта жаңа жобалар бойынша ауқымды шаралар атқарылады деп сенеміз», - дейді ол.

2015 жылдан бастап Қазақстанда 2019 жылға дейінгі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қолға алынады. Бағдарламадағы 14 салалық басымдылықтың алтауы машина құрастыру саласына тиесілі.

«Машина құрастыру саласы индустриялды дамудың келесі тармағындағы қозғаушы күшке айналуы керек. Форумның Қазақстанға жаңа инвесторлар тартуына жол ашып, қазақстанның машина жасау  саласының инновациялық дамуына қосымша серпін беретіні анық», - делінген Президент сөзінде.

Камила Амирова


Back to the list