09.10.2014
Ынтымақтастық туралы меморандумға «АгромашХолдинг» АҚ мен Geely international corporation компаниясы қол қойды. Аталмыш құжатқа сәйкес Қостанай қаласындағы зауыт негiзiнде Geely автокөлiктерi құрастырылатын болады.
Айта кетейік, Geely international corporation – Қытайдың автокөлiк өндiрiсiндегi көшбасшы компаниялардың бiрi. Жоспар бойынша жаңа өндiрiстегi оқшаулау көрсеткiшiн 2017 жылы 50%-ға жеткiзу көзделген. «Бұл бірегей жоба Қазақстан автомобиль индустриясына әлем көлік жасаушылары қызығатынын көрсетті», - деп хабарлады ведомствода.
Сондай-ақ, Қазақстан машина жасаушыларының II форумы алаңында бірқатар меморандумдар түзілді. Оның ішінде «Сарыарқаавтопром» және «Новлайн» компаниялары арасында шектеу дәрежесін көтеруге бағытталған ынтымақтастық орнатылды. Автокомпоненттердің сериялық көрінісі мен оларды өндіру бойынша меморандум түзілді.
Қазақстан автокөлік бизнесі қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қазақстандық өндіріс 2013 жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға өсіп, елде шығарылған машина саны 22 мыңға жеткенін айтты.
Камила Амирова