• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
М.Пшембаев: ҚазМұнайГаз отандық өндірушілердің машина жасау өнімімен 70 пайыз қамтылған 01.10.2014

«Жалпы, отандық кәсіпкерліктер өздерін  темір жол және мұнай-газ саласында машина жасау саласында  жоғары сапалы қондырғыларды өндіруші ретінде қалыптастырды. Осы орайда «ҚазМұнайГаз» ҰК отандық өндірушілердің машина жасау өнімімен 70 пайыз қамтылған», - деді Пшембаев.

Ол сондай-ақ, соңғы 2 жылда еңбек өнімділігі мен экспорт көлемі 4 есеге  өскендігін айтты.

«Жаңа локомотив, тепловоз, вагон есебінен көлемдер өсуде, көлік жасау, газды машиналарды жасау, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласы қарқынды өсуде. Осы орайда айта кетерлігі, көлем ғана емес, еңбек өнімділігі мен экспорт 4 есеге өсті», - деді ол.

Айта кетейік, машина жасау саласында бүгін 283 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 70-і ҮИИД МБ аясында енген жобалар. Сала қызметкерлерінің саны 87 мың адамды құрайды.

Индира Қауметова


Back to the list