19.09.2014
"Қазпочта" АҚ Алматы қаласында бірінші автоматтандырылған почта станциясы (постамат) коммерциялық пайдалану үшін іске қосылғаны туралы хабарлайды.
"Процесті автоматтандырудың арқасында, клиенттер үшін жөнелтілімдерді постаматтар желісі арқылы жіберу қызметтеріне арналған баға дәстүрлі почта бағасынан төмен болады. Бұл тарифтер өзіндік құн мен желінің сервис қызмет көрсетуі ескеріліп әзірленді. Осы жоба - қашықтықтан сауда жасаудың дамуына біздің компаниямыздың қосқан кезекті үлесі және біз Қазақстандағы электрондық коммерция дамуының локомотиві мәртебесін бекітуге ниеттіміз", - деп атап өтті "Қазпочта" АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.
«Постаматтардың жеке желісін енгізу және оның жұмыс істеуі – бұл әлем елдері почта әкімшіліктерінің жетекші әлемдік тәжірибесі. Почта жабдығын пайдалануға енгізу екі кезең аясында жүзеге асырылады және ол алдын ала талдау бойынша, шамамен 2 жыл уақытты алады», - делінген хабарламада.
"Қазпочта" АҚ 54 жасақталған және интеграцияланған қызмет көрсету станцияларынан тұратын постаматтардың жеке желісін құруды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың аяғына дейін Астана қаласында - 6 постамат, Алматы қаласында - 10 постамат және Қарағанды қаласында 2 постамат орнатылатын болады.
Постамат –интернет-дүкендерде, каталогтармен және т.б. тапсырыс берілген тауарларды беру және сақтау бойынша әртүрлі өлшемді жәшіктермен жабдықталған терминал.