15.09.2014
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, пайдаланылуға берілген күннен бастап аталған ұшақ түрлері «Дала қыраны», Бейбіт миссия», «Өзара іс-қимыл», «Ашық аспан» халықаралық жаттығуларына қатысты.
Қазіргі кезде бұл ұшақтар әскерлерді тасымалдау, жас ұшқыштар құрамын үйрету үшін пайдаланылуда.
«Испанияның «Airbus Militari» концернінде әзірленген С-295 ұшағын ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің әскери ұшқыштары полковник Рүстем Тілеумағамбетов пен капитан Бауыржан Бисебаев басқарып келді. Авиаторлар испанияның Севильи қаласында теориялық және практикалық оқып-үйренудің толық курсынан өтті», - делінген хабарламада.