05.09.2014
«Назарбаев Университет» ДБҰ мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев пен «Назарбаев Университет» ректоры Шигео Катсу қол қойды.
Атап айтқанда, ұйымдар «Назарбаев университеттің» интеллектуалды-инновациялық кластерін дамытуды; Қордың, соның ішінде еншілес және тәуелді ұйымдардың (Executive Education Center) жетекші қызметкерлері үшін ағартушылық бағдарламаларды іске асыруды; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен Университеттің Жоғары бизнес мектебін бірге дамытуды көздейді.
«Назарбаев Университеттің» интеллектуалды-инновациялық кластерін дамыту аясында «Астана Бизнес Кампус» университетінің ғылыми паркі жанынан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік ғылыми-зерттеу орталығын ашу жоспарланып отыр.
Орталық химия өнеркәсібі, металлургиялық өнеркәсіп үшін шикізат өндіру, жасыл энергетика, жасыл құрылыс, қуатты үнемдеу мен өндірісті арттыру ісімен шұғылданады. Ынтымақтастықтың мұндай түрі ғылым мен бизнестің өзара қарым-қатынасын жолға қойып, ғылыми нәтиже мен ұлттық компаниялардың инновациялық-технологиялық әлеуетін арттыратын зерттеу инфрақұрылымын жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қоса, Университет жанынан Executive Education бағдарламасын ұсынатын және бизнес саласына зерттеу жүргізетін орталық құру жоспарлануда. Бұл орталық Қор қызметкерлері үшін ашық тіркелімдегі, әрі тәмадағандарға дәреже беретін корпоративтік бағдарламалар жасап, ұсынады. Сондай-ақ, Университет бітірушілер Қор құрамына кіретін компанияларда тәжірибеден өтіп, жұмысқа тұруға мүмкіндік алады. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды дамыту үшін өнімділігі жоғары есептегіш ресурстар жасалып, Университеттің Жоғары бизнес мектебінің ағартушылық бағдарламаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетілетін болады.
Жол картасының іске асырылуын «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Назарбаев Университет» ДБҰ өкілдерінен құралған Бақылаушы комитет қадағалайтын болады.
Камила Амирова
Суретті түсірген Азамат Әлиев