02.12.2016
Оның ашылуы ҚР Тұңғыш Президенті күні өтті, ол барлық этностардың мәдениетінің, тілдері мен дәстүрлерінің дамуына көп көңіл бөледі, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Қоғамдық келісім орталығы – Достық үйінің екінші қабатында ҚХА облыстық мұражайының ашылуы өтті. Құжаттар, фотосуреттер, кітаптар түрінде ұсынылған экспонаттар коллекциясы этносаралық және конфессияаралық диалог пен өзара іс-қимылды сақтау және нығайту жолында ШҚО ҚХА белгілі оқиғаларын көрсетеді.
Орталық стенд Мемлекет басшысының Ассамблеяны құрудағы рөліне арналған. Облыстың ҚХА мүшелерінің қолдан жасаған бұйымдары ерекше назар аудартады.
Жуық арада мұражайға Шығыс Қазақстанның оқушылары мен студенттері келмек.
Салтанатты шараның соңында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен шақырылған қонақтардың қатысуымен гала-концерт өтті.