01.12.2016
«7 жыл бұрын мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасын бастаған болатынмын. Адамдар ауылдан қалаға көшіп келе бастаған кезең болатын. Мұндай мәселе барлық елдерде орын алады, үлкен қалалар адамдарды тартады, бірақ біздің жағдайымызда осыншама бай жеріміз бола тұрып, Қазақстан барлық әлемге органикалық өнім өндіруші бола алады», - деді Мемлекет басшысы.
Президент халықтың өсуімен байланысты, аграрлық кешендегі қажеттілік те 30-40%-ға өсетінін атап өтті. Ауыл шаруашылығы әрқашан сұранысқа ие болады, себебі қандай жағдай болмасын, адам күніне үш рет тамақтануға тырысады. Сол себепті ауыл шаруашылығы саласының болашағы зор.
«48 мың жас маманға көтерме ақы төленді. Жобаға 20 мыңға жуық қатысушы несие алды, тұрғын үй алып, ауылда жұмыс істей бастады», - деп қосты Президент.