• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тәуелсіздіктің құрдасы ҚР Президентіне өз өндірісінің сағатын сыйға тартты 01.12.2016

Сағат авторы Қазақстанның жас кәсіпкері Арман Тосқанбаев.

«Менің жасым 25-те және менің 4 компаниям бар. Солардың біреуі жылына 168 миллион кіріс әкеледі және онда 33 жұмыс орны ашылған. Біз қазақстанда өндірілген қол сағаттарын шығарамыз. Осының барлығы Сіздің Жарлығыңызбен әзірленген «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай, Сізге зор алғыс білдіріп, қол сағатты сыйға тартуға рұқсат етіңіз», - деді Қарағандының кәсіпкері Арман Тосқанбаев форум барысында.

«Енді швейцар сағатын емес, өз сағатымызды тағып жүретін боламыз», - деді Мемлекет басшысы. 

Сурет Бауыржан Жуасбаев


Back to the list