• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Амманда атап өтілді (ФОТО) 01.12.2016

Оның жұмысына сыртқы саяси ведомствоның басшылары мен қызметкерлері, Корольдіктің академиялық және іскерлік топтары, сондай-ақ Амманда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Конференцияны Дипломатия институтының директоры Лина Арафат ашты. Ол өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның одан әрі экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасауға ықпал еткен сыртқы саяси тұрақтылық бағытын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Аммандағы елшісі Б. Омаров қатысушыларға Қазақстан және Мемлекет басшысы туралы айтқан жылы лебіздері үшін алғыс білдіріп, ел жетістіктерін және Қазақстан Президентінің жаңа мемлекет қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, Б. Омаров қатысып отырғандарды Қазақстанның негізгі халықаралық бастамалары, Астана мен Амманның ынтымақтастығы туралы ақпараттандырды.

Конференция аяқталғаннан кейін қатысушыларға Қазақстанның дамуы мен оның жетістіктері туралы бейне ролик көрсетілді.  


Back to the list