• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Г. Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күніне арналған 7 көрмені аралап көрді 28.11.2016

Елбасының кітапханасында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Қасымбеков, Парламент депутаттары, еліміздің белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні биылғы мерейлі жылы айрықша мәнге ие болып отырғанын атап өтті. Бұл – Қазақстан мемлекеттігін құрып, қазақстандықтардың бақуатты тұрмысының кепілі болып отырған Елбасының сарабдал саясатының айрықша ардақталатын жылы.

Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова бүгінгі көрме бүкіл Қазақстан қоғамы және  халықаралық қоғамдастық үшін елеулі тарихи және мәдени іс-шара екенін айтты.

Іс-шара аясында меймандарға ірі 7 көрме ұсынылды. Олардың қатарында республика тәуелсіздігі қалыптасуының негізгі сатыларын айшықтайтын «Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» Елбасының жеке кітапханасындағы кітаптарынан құралған «Н.Ә.Назарбаев – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы», Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жеке архивінің құжаттарын қамтитын «Елбасы жолы» және т.б. атаулы көрме бөлімдері бар.

Бұдан бөлек, іс-шара аясында «Көшбасшылық факторы», «Парламентаризм эволюциясы», «Бітімгершілік әрекеттердің жол картасы» және тағы да басқа бірнеше фильмнің көрсетілімі өтті.


Back to the list