• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Киевте украиналық публицисттің Қазақстан туралы кітабының тұсаукесері өтті 23.11.2016

ҚР СІМ хабарлағандай, кітапты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен украиналық публицист, Қазақстан-Украина қатынастары мемлекетаралық институтының директоры Николай Степаненко әзірлеген.

Автор өз еңбегінде егемен Қазақстанның қалыптасу кезеңдеріне, мемлекеттің даму стратегиясына баса назар аударған.

Кітапта қазақстандық-украиналық ынтымақтастық болашағына ерекше көңіл бөлінуде.

Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаев өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың егемен Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін атап өтті.

Іс-шараға украиналық қоғамның белгілі өкілдері қатысты. 


Back to the list