23.11.2016
Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Абиболлаев және Варшаваның Үлкен опера театрының директоры Вальдемар Домбровский қонақтарды құттықтау сөзімен қарсы алды. Шақырылғандардың арасында Польшаның Қоршаған ортаны қорғау министрі Ян Шышко, польшалық Парламенттің депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкімет пен министрліктердің өкілдері, Қазақстанның Польшадағы құрметті консулдары бар. Зал балет өнерін бағалайтын 2 мыңға жуық көрерменге толы болды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Польшалық көрермендер мен балетті бағалаушылар қазақстандық жас орындаушылардың кәсіптілігін жоғары бағалады.
Көрермендердің айтуы бойынша, бұл шын мәнінде талантты ұжымның өнер көрсетуі Қазақстанның жаңа имиджін қалыптастыратын жағдай. Сондай-ақ көрермендер ұлттық мәдениеттің әлемдік классикамен және қазіргі заманмен шығармашылық үйлесіміне де таң қалды.
Фото: ҚР СІМ