17.11.2016
Акция аясында еліміздің әрбір азаматы www.kz1.kz сайтында Ұлт көшбасшысына өз құттықтау сөздерін қалдыра алады.
«Ақ тілекпен, Елбасыға!» - «Наши поздравления – нашему Президенту!» акциясы дәстүрлі шараға айналды. Өткен жылы құттықтаушылардың ауқымы республика бойынша кеңейіп, жақын және алыс шет елдерді қамтыды», - делінген хабарламада.
Кезекті акция бүгін Өскемен қаласында басталды. Облыстық орталық тұрғындары Елбасына өздерінің жылы лебіздерін, алғыс сөздерін қалдыра бастады. Оларға Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевты құттықтағысы келетін әрбір азамат қосыла алады.
Еске сала кетейік, өткен жылы сайтта өз құттықтау сөздерін 850 мыңнан астам адам қалдырған болатын.