• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдардың құрылысына 10 мыңға жуық жұмысшы тартылған (ФОТО) 02.11.2017

«Республикалық маңызы бар учаскелер бойынша жобаларға 10 мыңға жуық құрылысшы тартылды. Сондай-ақ 30 мың жұмыс орны ашылды», - деп хабарлады Ерлан Қалымов.

Бұдан бөлек, ол қазір қандай жолдардың толық пайдаланылуға берілгенін айтып өтті.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізі бойынша қозғалыс ашылды, жол барлық халықаралық талаптарға жауап береді. Ақтөбе-Орал, Орал-Атырау, Атырау-Бейнеу учаскелері бойынша қозғалыс ашылды. Өткен жылы Астанадан Петропавлға дейінгі жолдар толығымен тапсырылды, сондай-ақ Павлодардан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жолдар салынды. Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 2 мың км асатын жеті жоба бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылды», - деп атап өтті  Ерлан Қалымов.     

"ҚазАвтоЖол" желіні дамыту департаментінің директоры бес жыл ішінде барлық жолдарды ашу жоспарланып отырғанын айтты. 

«Біз енгізетін басты мәселелердің бірі - интеллектуалдық көлік жүйесі. Тізбектер жалғастырылғаннан кейін Қазақстан үшін жүк ағымы ұлғая түседі », - деп атап өтті  спикер.

Ол Теміртау-Қарағанды, Астана-Павлодар учаскелерінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салды. 

Еске сала кетейік, бүгін "Стратегия" пікірталас клубының кезекті отырысында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланған болатын. 

 

Ақбота Күзекбай

Фото Азамат Әлиевтікі


Back to the list