• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Республикалық учаскелер  қосымша табыс  әкеле ме (ФОТО) 02.11.2017

«Жол табыс әкеледі деген сөз әсірелеу болады. Бүгінгі таңда «Астана-Щучье»  учаскесінен жиналатын қаржы автожолды қамтамасыз етуге жетіп отыр. Шағын жөндеулер мен қондырғыны қамтамасыз ету, қар тазалау деген сынды жұмыстарға жетеді», - деді Е.Қалымов.

Егер де капитал туралы айтатын болсақ, күрделі жөндеу мен толық қамтамасыз етуді әлемдегі ешбір жол шығармайды.

«Еуропа, америка елдерімен салыстыратын болсақ, үлкен тарифті олардың жолдары да шығара алмайды. Біздің тариф олардыкінен анағұрлым аз, сондықтан табыс түсіру мүмкін емес», - деді Ерлан Қалымов.

Атап айтар болсақ, «Стратегия» пікірталас клубында   сарапшылар  автожолдардың  құрылысы мен қайта жаңғыртылуы,  ақылы жолдардың енгізілуі мен келесі жылдың  жоспарларын талқылады. Талқылау барысында  жүргізілген жұмыстың нәтижелері қарастырылып, «ҚазАвтоЖол» АҚ 2018 жылға арналған жоспары талқыланды.

Ақбота Күзекбай

Фото Азамат Әлиев


Back to the list