02.11.2017
Рүстем Исаев айтып өткендей, барлық ақылы болатын жолдар 12 жол учаскесін қамтиды. Оның ішіндегі бас жол – Батыс Қытай-Батыс Еуропа – транзиттік дәлізі.
«Кей жолдар қайта жөндеуден өтті, салынуда. Қазір ақылы қылу бойынша Астана-Теміртау бағытындағы учаскеде жұмыс жүргізілуде. Қазір Жібек Жолы ауылына жақын жерде төлем жасау пункті орналасқан. Екінші төлем жасау пункті Теміртау қаласынан басталмақ. Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас жолдары бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жолдар 2018 жылы ақылы болады», - деді Рүстем Исаев.
Бүгінгі таңда ақылы жолдарды енгізу бойынша кешендік шаралар жүргізілуде.
«Астана –Щучье - өзара төлемнің гибридтік жүйесі. Ол дегеніміз не? Ақылы учаскеден шығарда кедергілер , шлагбаум тұрады. Ақшаны төлеген соң, ол ашылады. Осы сияқты «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» учаскелері өзгертіледі. Қазір жүк көліктерінен бастап жеңіл машиналарға дейін төлем енгізу мәселесі әзірленуде», - деді ол.
Спикер «Астана-Щучье» учаскесіне қатысты жол бекетінің қызметіне тоқтады.
«Астана-Щучье учаскесінде жайлылық деңгейін көтеру мәселесі тұр. Бүгінгі таңда аталмыш учаскеде 26 абаттандырылған нүкте бар. Жыл соңына дейін қосымша жұмыс атқарылып, тағы 4 нысан қосылады», - деді Р.Исаев.
Ақбота Күзекбай
Фото Азамат Әлиев