20.10.2017
«Туған жер бағдарламасына жеке өзімнің қосқан үлесіме келетін болсам, мен балаларды туған өлкеме апарып, сол жердегі киелі жерлермен, тоғаймен, көлімен таныстырдым. Біз Балқаштың бойында болдық. Шынымды, айтсам бұл бағдарлама менің балалармен жақындаса түсуіме көмектесті десем болады. Себебі, онда интернет жоқ, сондықтан біз өзара көп әңгімелесіп, сырластық» , - деді Дархан Жазықбаев.
Өз кезегінде, Стратегия пікірталас клубының модераторы: «Туған жер бағдарламасы деп жатсыз, кеңес заманында тырнақшаның ішінде банды болған қазақтар, бүгінде біздің батырларымыздың қатарына қосылып жатыр. Жалпы, тарихымызды түгендеуде ескерілмей қалған дүниелер жоқ па?», деп сұрақ қойды.
«Рас, өзіңіз айтпақшы тырнақшаның ішінде банды болған қазақтар, бүгінде біздің батырларымыздың қатарына қосылып жатыр. Олар сол кезде бүтін бір ауылды асырып, халықтың қамын жеді. Жалпы, тарихимызды түгендеп келе жатқанымызға жиырма бес жылдан астам уақыт өтті, біршама түгенделіпте қалдық. Елбасы айтпақшы, тарихи сана жаңғырмай ұлттық сана жаңғырмайды. Бірақ біздің негізгі мақсатымыз білімді, бәсекелестікті күшейтуге дең қою, себебі күш білімде», - деп түйіндеді спикер.
Мөлдір Асқарқызы
Видео: Азамат Әлиев