• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өңірлік телеарналар 146 медиа өнімді жүзеге асырады 06.10.2017

 «Аймақтық форум шарасы былтыр екінші мәрте ұйымдастырылды. Министр аймақтық БАҚ-тың мәселелерін шешу бойынша ұсыныс айтқан болатын.  Бүгін министр өткен жылдық форумда айтылған мәселе бойынша есеп берді. Ұсыныстардың бірі  Альянс құру болатын. Бүгінгі күні Альянс құрылды. Ол аймақтың БАҚ-тың, журналистер қызметін бақылау, олардың  мәселелерін зерттеумен айналысады. Өңірлік телеарна басшыларынан тағы бір ұсыныс айтылған болатын. Ол мемлекеттік тапсырыс аясында республикалық телеарналар жақсы телеөнімдер  түсіріп жатыр, соны аймақтың өңірлерге берсе деген ұсыныс. Бұл мәселе де шешілді. Бүгінгі таңда  146 медиа өнімнің тізімі жасалды,  оның ішінде  39 сериал, 59 деректі фильм, әркелкі телебағдарламалар бар», - деді Қ.Ахметов.

Министрлік өкілі айтып өткендей,  екі күн ішінде министрлік  өкілдері қай өнімдерді алу керектігі туралы кеңес берді.  Телеарналар қай өнімді таңдалған шешімі альянсқа беріледі. Әрі қарай альянс жұмысты жалғастырады.

«Сондай-ақ, газеттерді сатуға байланысты проблемалар айтылды. Ол өңірлік қана емес, республикалық басылымдарға  да байланысты. Көп қалаларда газет сататын дүңгіршіктер алынып жатыр. Бұл мәселені министрлік зерттеп келеді. Оның бірнеше себебі  бар. Қазір барлық ақпаратты телефон арқылы оқиды. Сондықтан газетті сатып алу  азайып кетті. Ал сатушыларға басылым сату тиімсіз болды. Екіншіден, дүңгіршектердің алынуы қала  сәулетінің көркіне   байланысты болып отыр», - деді Қамбар Ахметов.

Сондай-ақ,  министрлік Қазпошта, баспасөз басылымдарының басшыларын жинап кеңес өткізген болатын. Онда халық көп келетін ХҚКО-да газет сататын бұрыштар ашсақ деген ұсыныс айтылды. Бұл жұмыс басталып кетті. Астанада екі, Алматыдан екі аталмыш  орын ашу жоспарланған. Бұл пилоттық жоба әрі қарай жалғасын  табады.

Еске салсақ,  «AstanaMediaWeek» медиа аптасы аясында аймақтық БАҚ форумы екінші мәрте өтті.

Айта кетейік, «Стратегия» пікірталас клубында АКМ өкілі  Қамбар Ахметов облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалатыны туралы айтып өткен болатын.

Аягөз Құрмаш

 

 

 


Back to the list