• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
М.Жанәділов: Astana Media Week - өңір журналистері үшін ізденіс жолы 06.10.2017

«Astana Media Week  аясында өтіп жатқан аймақтық форумның пайдасы ұшан теңіз. Жалпы мұндай форум өз жалғасын тапса дер едік, осыны Ақпарат және коммуникация министрлігі өз назарына алса игі болар еді.  Бұл өте керек дүние. Өңірлердің бәрінде медиа жақсы дамып кеткен деп айта алмаймыз. Технология бәріне жетпеді.  Менің 37 жылдық еңбек өтілімім бар,  біз анау кинолентадан бастап көрдік. Шынын айту керек өңірлік компаниялар болсын газет болсын, журналдар болсын оларда мұндай база жоқ. Технология жетістігі өңірлерге жетпеген. Осыдан бір екі жылғы бұрынғы дүние келмеске кеткен десек қателеспейміз», - деп ағынан жарылды "Өлке тынысы" ЖШС директоры Мейрам Жанәділов.

Спикердің айтуынша, технолгия жетістігі жете бермейтін өңір журналистері үшін бұл тағы бір ізденіс жолы.

«Мен осының алдыңда   37 жылдық еңбек өтілімім туралы жайдан жай атқан жоқпын. Мен өз басым флешкаға дейінгі дүниелерді көрдім. Ал, бүгінгі форумда таспагерлердің таспа ұстап жүргенін көрдім деп айта алмаймын. Бұл бір аңыз сияқты. Қазіргі таңда телевизияның жағдайы мүлдем басқа. Жалпы, апталық форумға жан-жақтан келді, олардың арасында басшылар бар, қатардағы журналистер де бар. Мен үшін бұл форум үлкен жаңалық болды. Журналистика ол өзі ізденіс, мен бәрін білемін, жілігін шағып майын ішіп тастадым деген бекер. Бүгінде журналистика күн санап дамып жатыр», - деп түйіндеді Мейрам Жанәділов.

Естеріңізге сала кетейік,  «Қазақстандағы орталық және жергілікті БАҚ-тың дамуы» тақырыбымен өтіп жатқан  "Стратегия" пікірталас клубының кезекті отырысында  Ақпарат және коммуникация  министрлігінің өкілі Қамбар Ахметов Astana Media Week медиа жәрмеңке іспетті өткенін жеткізді. 

Мөлдір Асқарқызы


Back to the list