06.10.2017
Мейрам Жанәділов қазіргі кезде медиа саласының күн санап қарқынды дамып жатқандығы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, ол «AstanaMediaWeek» медиа аптасы кезіндегі шарада Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахмановтың айтқандарын мысал келтіріп атап өтті.
«Өңірлердегі жергілікті БАҚ өкілдеріне республикалық телеарнадағы, БАҚ-тағы тәжірибелерін енгізгің келсе, олар өздері қалыптастырған жолдан тайғысы келмейді. Жергілікті жердегі мамандарды кәсіби деңгейіне қарай республикалық арналарға, радиоларға әкеліп өткізу керек. Ірі корпорацияларға тамыр-таныстықпен маман алуды қою керек», - деп Мейрам Жанәділов Мәжіліс депутатының сөзін мысалға алды.
Сондай-ақ, ол аталмыш медиа шаралар өңірлерден келген мамандардың қызығушылығын арттырып, өсуге, өркендеуге және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
Еске салсақ, «AstanaMediaWeek» медиа аптасы аясында аймақтық БАҚ форумы екінші мәрте өтті.
Аягөз Құрмаш