• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Astana Media Week тәжірибе алмасатын алаң  – Қ.Ахметов 06.10.2017

«Бұған дейінде көптеген медиа форумдар өткен. Бұл Astana Media Week медиа апталығының өзіндік ерекшелігі ол бірнеше бағытты қамтып отыр. Басты мақсат осы аймақта ортақ нарық құру, отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін артыру болып табылады. Шараға 90-ға жуық продакшндар келді,  15 отандық телеарна  және 7 шетелдік телеарна қатысты. Олар өзара түрлі келісімдер жасасты. Бұған қоса аймақтық медиа форумдар өтікізілді. Сонымен қатар, баспасөз қызметіне арналған арнайы бөлім болды, оның аясында жиындар, семинарлар өткізілді», - деді сөз басында Ақпарат және коммуникация  министрлігінің өкілі Қамбар Ахметов.  

Сонымен қатар, спикер телеарналар мен компаниялар арасындағы байланысқа тоқталды.

«Бұрын елімізде қанша компаниялар болсын олар тікелей телеарналарға шығатын. Ал, бүгінде қандай бір компания болсын ол телеарнаға шығу үшін бірнеше сатыдан өтуі шарт. Ал, осы медиа апталықта оларға бірыңғай мүмкіндік берілді. Бұл отырыс медиа жәрмеңке іспетті өтті. Әркім өз өнімін алып келіп көрсетті, таныстырды», - деді Қ.Ахметов.

Естеріңізге кетейік, пікірталас клубының кезекті отырысына Ақпарат және коммуникация  министрлігінің өкілі Қамбар Ахметов пен "Өлке тынысы" ЖШС директоры Мейрам Жанәділов шақырылды. Сарапшылар ақпараттық кеңістік пен қауіпсіздік туралы, елдер арасында БАҚ саласында тәжірибе алмасу туралы сұрақтарға жауап беруде. 

Мөлдір Асқарқызы


Back to the list