• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
"Стратегия" пікірталас клубында қазақстандық БАҚ-тың дамуы талқыланады 06.10.2017

Бүгін, 6 қазанда сағат 18.00-де «Астана радиосы» эфирінде "Стратегия" пікірталас клубының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз. 

Пікірталас клубы алаңына Ақпарат және коммуникация  министрлігінің өкілі Қамбар Ахметов пен "Өлке тынысы" ЖШС директоры Мейрам Жанәділов шақырылады. Астанада  «AstanaMediaWeek» медиа-апта жұмысының қорытындылары жасалады. Сарапшылар ақпараттық кеңістік пен қауіпсіздік туралы, елдер арасында БАҚ саласында тәжірибе алмасу туралы сұрақтарға жауап береді. 

Еске сала кетейік, онлайн-бейнекөрсетілімді Strategy2050.kz сайтынан, Youtube-каналынан және Facebook желісіндегі парақшадан көре аласыздар.

Модератор «Strategy2050.kz» АА бас редакторы Дәулетхан Жиенқұлов.


Back to the list