• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Латын әліпбиіне көшу мемлекетіміздің барша азаматтарына қатысты (ВИДЕО) 15.09.2017

«Латын әліпбиіне көшу туралы пікірлер бұрыннан бері қозғалып келеді. Бұл туралы 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясынның жиынында Мемлекет басшысы да айтқан болатын. «Қазақстан-2050» стратегиясында да белгіленген. Бұл біздің мемлекетіміздің барша азаматтарына қатысты нәрсе» деді К. Әбілқасымова.

Сондай-ақ, ол жаңа әліпби халық талқысына салынып, қазірдің өзінде әр түрлі сала мамандарының пікірлері түсіп жатқанын айтып өтті.

«Халық арасынан әр түрлі пікірлер, ұсыныстар түсіп жатыр. Әрине, олардың ішінен барлығы ескеріледі деген үміт бар. Бірақ ұсыныс ғылыми тұрғысынан ескеріледі. Бұл әліпбиді жасау барысында біздің мақсатымыз қазақ тілінің төл дыбыстарын сақтап, болашаққа солай жеткізу», - деді жазушы.

К. Әбілқасымованың айтуынша, орыс тілін үйренетін адамдарға еш кедергі жасалмайды.

«Біздің қазақ халқы осы кирил әліпбиіндегі 42 әріпті оқып, меңгеріп, кітапты ең көп оқитын және орыс тілінде ең таза сөйлейтін ұлт болып саналған. Бұл қазақ халқының қабілетті екенін білдіреді. Жаңашылдықтың бәрін жүрексініп қабылдау адамға тән қасиет. Алайда, оны тоқтатып қоюға болмайды. Бұл керек нәрсе. Ал орыс тілі біздің мемлекетімізде қалады, оны үйренетін адамға еш кедергі жасалмайды. Қазір біздің елімізде өскен азаматтарымыз мектепте де, қоғам арасында да орыс тілін жылдам үйреніп ала алады», - деп атап өтті ол.

Жазушы сөз соңында латын әліпбиіне көшу әлемдік өркендеуге қосылу үшін жасалған қадам екенін айтты.

«ҚХА жиынында қабылданған үндеуде біз осы қадамды қуатты Қазақстан құру үшін батыл жасап, оған жұмыла кірісуіміз керектігі айтылған еді.  

Бұл ертең қабылдайтын нәрсе емес. Халықпен ақылдасып барып қабылданады. Қазіргі ұшқыр заманда ертең қателікке жол бермеу үшін қазірден бастап дайындалу керек», - деп түйіндеді К. Әбілқасымова.

Нұрсұлу Бегалина

Видео Арман Мұхатов


Back to the list