15.09.2017
«Дүйсенбі күні біздің орталықтың латын әліпбиі бойынша нұсқамыз Парламентте таныстырылды. Бұл әліпбидің негізгі ерекшелігі диакритикалық таңбалардың алынбауы. Бұл қазіргі заман технологиясы талап етіп отырғандай компьютерлік технологияларға ыңғайластырлып жасалған нұсқа. Жалпы, ақпараттық технология заманына қадам басып отырмыз. Және де мұнда төл дыбыстарымызға қатысты сегіз диграф бар», - деді сөз басында Дана Оспанова
Сонымен қатар, спикер латын әліпбиіне көшуде даудың басы диграфқа қатысты болып отырғанын тілге тиек етті.
«Рас, даудың басы диграфқа қатысты болып отыр. Негізінен диграфтар мәселесіне келетін болсақ филолог ретінде сұрайтынымыз әріптерді әріп ретінде қабылдау керек, оларды дыбыс ретінде қабылдамау керек. Ае әріпінен құрылған әріп латын әліпбиінде ол ә дыбысын білдіреді. Сондықтанда оны дұрыс тұрғыда қабылдау керек», - деді Дана Оспанова.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Парламентінде Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов Мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасымен таныстырды.
Жоба бойынша қазақ әліпбиі 25 әріптен тұрады.
Мөлдір Асқар