08.09.2017
8 қыркүйек күні 17:00-де «Астана радиосы» эфирінде «Стратегия» пікірталасы клубының кезекті шығарылымы өтеді.
2017 жылдың 4 қыркүйегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті.
«Палаталардың бірлескен отырысы мен үкіметтік сағаттардың онлайн көрсетілімі Парламент жұмысының транспаренттігі мен халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етті. Үшінші сессияда да аталмыш дәстүрлерді жалғастырған жөн», - деді Н.Назарбаев.
Парламент өз жұмысын қандай форматта жүргізеді? Қай мәселелер басымдыққа алынады? Осы және өзге мәселелерге сарапшылар жауап береді.
«Стратегия» пікірталас клубының алаңында аталмыш тақырыптарды Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғанова мен белсенді, қоғамшыл Сырым Әбдірахманов талқылайды. Онлайн көрсетілім Strategy2050.kz сайты мен Facebook-тегі ресми парақшадан көрсетіледі. Модератор - «Strategy2050.kz» АА бас редакторы Дәулетхан Жиенқұлов.