25.08.2017
25 тамыз, сағат 17.00-де «Астана радиосы» мен «Қазақ радиосы» эфирінде «Стратегия» пікірталас клубында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының саяси идеологиялық маңызды мәселелеріне арналған кезекті кездесу өтеді.
ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның 17-тамыздағы отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша өткен төрт айда нақты шаралар жүзеге асырылғанын жеткізді.
Нақты қандай нәтижелер бар? Қоғамдық сананы жаңғыртуда ол қалай септігін тигізеді? Осы және өзге де сұрақтарға уәкілетті сарапшылар жауап береді. «Стратегия» пікірталас клубының алаңында ҚХА төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай мен «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын талқылайды.
Онлайн-көрсетілім Strategy2050.kz сайты мен порталдың Facebook-тағы парашасынан көрсетіледі. Модератор – Strategy2050.kz АА бас редакторы Дәулетхан Жиенқұлов.