• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
"Орталық-Батыс" жобасы бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталады 14.07.2017

«Астананы батыспен байланыстыратын «Орталық-Батыс» жобасы да қолға алынып жатыр. Ол «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш» бағытын қамтитын болады.   Бүгінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жұмыстарды  2018 жылы аяқтауды көздеп отырмыз. Бұдан басқа, қаражат мәселесін шешу үшін банктермен келіссөздер жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылы бастау көзделген», - деді Еркебұлан Супалдияров.

Сонымен қатар, ол  «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» бағыты бойынша құрылыс жұмыстары биыл басталатынын айтты.

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» бағыты бойынша құрылыс жұмыстарын  ағымдағы жылы байтаймыз. Бұл жол торабы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі», - деп түйіндеді Еркебұлан Супалдияров.

Айта кетейік, Strategy2050.kz АА ақпараттық-сараптамалық порталы мен «Астана радиосының» бірлескен «Стратегия» пікірсайыс  клубы  алаңында елдегі маңызды мәселелер талқыланады.  

Мөлдір Асқар


Back to the list