14.07.2017
«Қазіргі уақытта "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" Халықаралық көлік дәлізінің «Алматы-Қорғас» және «Шымкент-Ташкент» учаскелерінде абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, көлік дәлізі бойынша қозғалыс басталды. Жол арқылы Қорғастан бастап Тараз, Шымкент, Қызылорда бағыты бойынша Ресейге шығуға болады», - деді ол.
Сондай-ақ, Еркебұлан Супалдияров Түркістан мен Шымкент арасындағы жолдың жөнделуі соншалықты ұзаққа созылуына қатысты сұраққа жауап берді.
«Бізде жол учаскесі бойынша кепілдік мерзімі деген бар. Ол бойынша мердігер өз есебінен жөндеу жүргізеді. Оған қосымша қаражат бөлінбейді. Сондықтан, жөндеу жұмыстары ұзаққа созылуы мүмкін», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Strategy2050.kz АА «Стратегия» пікірсайыс клубы алаңында республикалық жолдардың жағдайы, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы сөз болды.
Аягөз Құрмаш