• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл Күрті - Бурылбайтал жолында құрылыс жұмыстары басталады 14.07.2017

«Күрті - Бурылбайтал жол уческесі халық арасында үлкен наразылық тудырып отыр. Бұл жолдың ұзындығы 228 шақырым.  Алматы мен Жамбыл облыстарының аумағындағы жол бөлігі. Бұл Күрті - Бурылбайтал жол уческесінің құрылысы бойынша биыл мердігерді анықтаймыз. Келісім шартқа қол қоямыз. Мердігер компания құрылыс материалдарын, техникасын дайындайды», -деді ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы Еркебұлан Супалдияров.

Бас сарапшының айтуынша құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін басталады.

«Оңтүстік аймақтың ауа райы жылы болғандықтан құрылыс жұмыстары қараша айына дейін жалғасатын болады», - деп түйіндеді Еркебұлан Супалдияров.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Strategy2050.kz» АА "Стратегия" пікірталас алаңында  «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 2015 жылдан бастап күні бүгінге дейін атқарылған жұмыстар туралы әңгіме өрбіді. Пікірталасқа ҚР ИДМ өкілі мен «Қазақавтожол» РМК бас директоры қатысты.

Мөлдір Асқар 


Back to the list