• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл жол жөндеуге 70 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген (ВИДЕО) 14.07.2017

«Қазақстан жолдарын  күрделі жөндеуден өткізу үшін  10 млрд теңге шамасында бөлініп келді. Ал,  жолдарды орташа және  күрделі жөндеуге  жыл сайын  100 млрд-тай  ақша бөлініп тұруы керек. Биылғы жылы бұл мақсаттарға  70 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Осы жылы  көптеген жолдар орташа жөнделумен қамтылды», - деді Ұлан  Әліпов.

Сондай-ақ,  бас директор бүгінгі таңда  жолдардың жөнделуі бойынша ең басты мәселе туралы айтып өтті. 

« Қазір «Батыс Еуропа- Батыс Қытай»  және  орталықтан   батысқа, оңтүстікке, шығысқа салынып жатқан жолдардың күтіміне көңіл бөлу қажет. Қаражат бөлу керек. Жолдардың күтіп ұсталуына күнделікті атқарылып жүрген істер  жатады, олар: жол жиегіндегі шөпті, қураған көшеттерді шабу, тозығы жеткен  жол белгілерін ауыстыру, жолда пайда болған сызаттарға битумды-мастикалық сұйықтар құю, қыста қар тазалау. Жалпы, жол қозғалысына  кедергі келтіретін барлық  кедергілерді   жою», - деді ол.

Айта кетейік, Strategy2050.kz АА ақпараттық-сараптамалық порталы мен «Астана радиосының»  бірлескен  «Стратегия»  пікірсайыс  клубы  алаңында елдегі маңызды мәселелер талқыланады.   

Аягөз Құрмаш 


Back to the list