• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сақтандырылмаған  жағдайда медициналық көмекті қалай алуға болады 23.06.2017

«Жедел көмек мемлекет төлейтін кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне кіреді. Демек, 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап сақтандырылмасаңызда жоспарланғаннан басқа медициналық көмекті толық көлемде ала аласыз», - деді Эрик Байжүнісов.

ӘМСҚ басқарушы директорының айтуынша, барлық процесс сол бұрынғы деңгейінде қалады. Бұдан басқа, сақтандыруға толық көшу 2024 жылға дейін созылған.  

Спикер МӘМС-тің тағы бір пайдасын атап өтті.

«Мысалы, сіз кардиоорталығындасыз делік, онда жасалатын оталар 40 млн теңгеден асып жығылады. Мәселен, жүрек алмастыру және т.б.  Және де мұндай оталарды қажет ететіндер өте көп. Ол үшін қыруар қаражат керек. Ал, қаржы жоқ. Сақтандыру болса сол қажет ақшаны табуға және жоғарығылыми, нақты орталықтарға жіберуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды Э. Байжүнісов.  

Естеріңізге сала кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық сараптамалық порталы пікірталас форматында «Астана радиосының» (101.4 FM) тікелей эфирінде жаңа жобаны іске қосты.  Бүгін жоба қатысушылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін талқылауда.  Жобаның онлайн-көрсетілімі Strategy2050.kz сайтында және порталдың Facebook-тағы ресми парақшасында жүргізілуде.

Ақбота Күзекбай


Back to the list