18.04.2014
Мамандар ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің , Ұлттық банктың, «Самырұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығымен және Қазақстандағы Дүниежүзілік банк пен Америка Құрама Штаты Елшілігінің өкілдерімен кездесті.
Министрліктегі кездесуде бюджеттік жоспарлау, қазына саясаты, әлеуметтік қамтамасыз ету, қаржы жүйесі, Ұлттық қордың қаражатын пайдалану мен бірыңғай зейнетақы қорының мәселелері қаралды, деп ведомстводан хабарланды.
Fitch сарапшылары кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның ағымдағы тәуелсіз несиелік рейтингісінің расталғаны немесе өзгергені туралы баспасөз парағын жариялайды.