• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан «Антимонополия саясатының тиімділігі» бойынша ТМД мен ЕО  бірқатар елінің  алдына шықты 02.06.2014

«Антимонополия саясатының тиімділігі» индикаторы бойынша Қазақстан 4 сатыға көтерілді. Оған қоса, Қазақстан ЕАЭО және ТМД (Ресей, Әзірбайжан, Украина, Кырғызстан, Грузия, Молдова ), Еуропа (Греция, Словакия, Италия, Болгария, Сербия),  Таяу Шығыс (Израиль, Кувейт)  елдерінің бірқатарын артта қалдырды, деп Бәсекелестікті қорғау агенттігінде хабарлады.

Рейтинг бойынша 148 ел бағаланды. Үздік бестіктің қатарына Финляндия, Катар, Швеция, Сингапур  және  Нидерланды енді.

Қазақстанның өсу қарқыны ең алдымен антимонополиялық саясатқа тәуелді. Оның жүзеге асуы да үлкен рөл атқарады.

Агенттіктің алдағы жұмыс жоспары бойынша бәсекелестікті  қорғау мен экономиканың кейбір  салаларын  монополиясыздандыру қарастырылған. 


Back to the list