19.07.2014
INSEAD (Франция) халықаралық бизнес мектебі Корнелл университетімн және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен 2014 жылдың 18 шілдесінде «The Global Innovation Index» жаһандық инновациялық индекс көрсеткіші нәтижесін жариялады.
2014 жылы зерттеуге 143 қатыстырылды. Олар әлемдегі ЖІӨ көлемінің 98,3%-ын шығарып, онда жер бетіндегі халықтың 92,9%-ы өмір сүреді. Көрсеткіштің ең басында Швейцария, Ұлыбритания және Швеция мемлекеттері орналасқан.
2014 жылдың зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 79-ыншы орынға табан тіреп, өткен жылғымен салыстырғанда 5 орын алға жылжыған. Орта Азия мен Оңтүстік Азия елдері арасында өңірлік классификация бойынша Қазақстан 2 орында, Бірінші орында Үндістан (76 орын) болса, үшінші орында Бутан мемлекеті (86 место).
Естеріңізге сала кетейік, жаһандық инновация индексі (ЖИИ) 2007 жылдан бастап өткізілуде, қазіргітаңда әлем елдерінің инновациялық даму көрсеткішінің бірден бір өлшемі болып табылады.
ЖИИ әлем елдерінің инновациялық сипаттарын анықтайтын 81 көрсеткіштен тұрады. Соның ішінде онда «Иелігіндегі ресурсы ен инновация жүргізу шарттары» (Innovation Input) және «Инновация жүргізудегі қол жеткізген тәжірибелік жетістіктері» (Innovation Output) бойынша бағаланады.