24.07.2014
«Баяндаманың тақырыбы: 2014 жылы әлсіздікті азайту және өміршендікті нығайту арқылы адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.
Бұл рейтингте көшбасын баяғыша Норвегия, Австралия, Швейцария, Нидерланды мен АҚШ бастап тұр. Ал, Сьерра-Леоне, Чад, Орталық Африка республикасы, Демократиялық Конго республикасы мен Нигер сол баяғыша тізімді қорытындылауда.
2012-2013 жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстан 70 орынға тұрақтады. Жалпы, мелекеттердің категориясы бойынша Қазақстан адамзат дамуы бойынша көрсеткіші жоғары елдердің қатарында.
Сонымен қатар, Қазақстан Ресеймен (57 орын), Беларусиямен (53), Украинамен (83) бір топта, деп хабарланған.