03.09.2014
Осы жылы рейтингті соңғы 6 жыл қатарынан тұрақты жайғасымға ие болып отырған Швейцария бастап отыр. Одан кейін Сингапур, АҚШ, ФинляндияжәнеГермания орналасқан.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) бағаланатын елдер саны 144 елді құрады (өткен жылы - 148). Осы жылы рейтингке қайтадан Тәжікстан оралды және Бенин, Босния және Герцеговина, Бруней, Эквадор, Либерия сияқты 5 ел кірмеді.
ЖБИ 114 көрсеткіштен есептеледі, оның 34-і статистикалық мәліметтер негізінде, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалаулары негізінде есептеледі. 144 көрсеткіштен экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде орналасатын әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 12 бәсекеге қабілеттілік факторларын шығарылады.
Рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан өткен жылғы нәтижелерді тұрақты ұстанып 4,4 орташа балмен қайтадан 50-орынға ие болды.
Қазақстан даму деңгейі әлдеқайда жоғары елдер тобында орналасқан, мұнда тиімділік және экономикалық даму факторлары үлкен рөлге ие болып отыр.
Рейтингке қатысатын барлық елдер экономиканың даму кезеңдері бойынша бөлінеді.Елдерді бөлу критерийі жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейініңкөрсеткіші болып табылады. Алайдаминералдық ресурстарға тәуелділігі жоғары елдердің, оның ішінде Қазақстанның даму кезеңін анықтау үшінел дамуының негізгі факторлардан тәуелділік дәрежесін өлшейтін екінші критерий пайдаланады. Бұл критерий соңғы бес жылда экспорттың жалпы құрылымында(тауарлар мен қызметтер) шикізат экспортының үлесі бойынша анықталады. Жалпы экспортта шикізат ресурстарының экспорт үлесі 70% және одан жоғары болатын елдер дамудың 1-санатына жатады (факторлық даму кезеңі).
2014-2015 ЖБИ-да Қазақстан 2-кезеңнен (тиімді даму кезеңі) 3-кезеңге (инновациялық даму кезеңі) ауысу кезеңінде орналасқан.