• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан 2014 жылы білім беру жүйесіндегі 7 көрсеткіш бойынша өз позициясын жақсартты – БҒМ 04.11.2014

«Өткен жылмен салыстырғанда біздің орнымыз жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі білім беру жүйесінің 13 индикаторы бойынша  7 орын ілгеріледі. Соның ішінде Қазақстан ғалымдар  мен инженерлердің қолжетімділігі бойынша 13 орын көтерілсе, «білім беру жүйесі сапасы» бойынша 12 орын, бастауыш білім беру сапасы бойынша 5 орын алға жылжыды», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, рейтингте әлі де болса алға ілгерілеу үшін білім беру саласындағы нормативті базаны халықаралық талаптарға сәйкестендіру керек.

«Негізінен, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің жүргізіп отырған білім беру саясаты осынау жетістіктерге жеткізіп отыр. Алайда біздің алдымызда Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіргізу міндеттемесі тұрғанын ұмытпауымыз керек», - дейді.

Сонымен қатар, ведомство басшысының орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру, мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Камила Амирова


Back to the list