• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан ЖБҚИ халықаралық рейтингісінде ҮИИДМБ жүзеге асыру арқылы 31 пунктіге көрсеткішін жақсартты  - Төлеушин (Брифинг бейнебаяны) 17.11.2014

 «ҮИИДМБ жүзеге асыру аясында Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның «Инновация» факторы бойынша жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі халықаралық рейтингісінде 31 пунктіге көрсеткішін жақсартты. Егер, Қазақстан бұған дейін 116 орында болса, енді ол 85 орында», - деді Қ. Төлеушин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, шетелдіктердің технологияға инвестициясы 20 есе артты, яғни 2-ден 40 млрд теңгеге дейін көбейді. «Бүгінде инновациялық бизнес серпін алды, егер 6 жыл ( 2003-2009) ішінде 180-ге жуық жоба қолдау тапса, соңғы 3-4 жылда 600-ге жуық жоба мақұлданды», - деп жалғастырды Төлеушин.

Бұдан басқа, басқарушы директор индустрияландырудың бірінші бесжылдығының негізгі кезеңдеріне тоқталды. Атап айтар болсақ, ол бастапқы кезеңде заңнамалық және институционалды реформалар жүргізілгенін, қажетті қолдау шараларының ойластырылғанын тілге тиек етті.

«2009 жылмен салыстырғанда инновациялық кәсіпорындардың саны 2 есе өсті, 7 есе  инновациялық өнімдер көлемі де артты. Ол 2013 жылы 578,3 млрд теңгені немесе ЖІӨ-ің 1,65% құрады», - деді ол.

Индира Кауметова


Back to the list