• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан IMD әлемдік дарындар рейтингісінде 32-орынға ие болды 22.11.2014

«Жаңа рейтинг елдердің қызмет жасайтын компаниялар үшін дарындарды дамыту, тарту және ұстап қалу қабілетін бағалайды. Рейтинг үш негізгі факторды байқатады: 1. Инвестициялар және жеке дарынды дамыту, олар білімге мемлекеттік инвестицияларды және білім беру жүйесінің сапасын байқатады. 2. Тартымдылық, ол елдің шетелден дарындарды тарту және өз дарындарын сақтап қалу қабілетін байқатады. 3. Дайындық, ол елдің нарық қажеттіліктерін қолжетімді біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету қабілетін көрсетеді», - делінген хабарламада.

Рейтинг 20 көрсеткішке негізделген, олардың арасында статистикалық мәліметтер де, сауалнамалық мәліметтер де бар.

Осылайша, рейтингте ең үздік елдер ретінде Швейцария (1-орын), Дания (2), Германия (3), Финляндия (4) және Малайзия (5)танылған. Одан кейін Ирландия, Нидерланды, Канада, Швеция және Норвегия орналасқан. Тізімнің соңында ОңтүстікАфрика (56), Перу (57), Хорватия (58), Венесуэла (59) және Болгария (60) тұр.

Құранды факторлар бойынша көшбасшы-елдердің бірінші бестігіне мыналар кіреді:

«Инвестициялар және даму» - Дания, Швейцария, Австрия, Германия және Швеция.

«Тартымдылық» - Швейцария, Германия, АҚШ, Ирландия және Малайзия.

«Дайындық» - Швейцария, Финляндия, Нидерланды, Дания және БАӘ.

Қазақстанның үш құранды факторлар бойынша жайғасымдары  да орташа деңгейде орналасқан (32 орын): «Инвестициялар және даму» факторы бойынша 30-жайғасым, «Тартымдылық» - 39-жайғасым және «Дайындық» - 32-жайғасым.


Back to the list