03.12.2014
2013 жылы Қазақстан атамлы индексте 140-шы орында болған еді. Биыл Қазақстан 28 ұпай алып, 14 орын алға жылжып, 126-шы орын алды.
«Сонымен қатар, сарапшылар еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде оң өзгерістер болғанын да айтып, Дүниежүзілік экономикалық форумның жүргізген «Менеджерлер пікірінің сауалнамасы» бизнес жетекшілеріне жүргізген жаһандық сауалнама негізінде жеткен жетістіктерді алға тартуда. Сонымен қатар, сарапшылар Заң үстемдігі саласында Қазақстанның айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, заңнаманы реформалаудағы еңбектерін жоғары бағалады. Олар бұдан бөлек сот жүйесі ашықтығында заңның әлсіз қолданатынын да жасырған жоқ. Айта кету керек, биыл Қазақстан осы көрсеткіш бойынша бір орын төмен жылжыған», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, 175 елдің үштен екісінің 50-ден аз ұпай жинап, елдер арасында Жемқорлықты ұғыну индексі бойынша 0-100 ұпай арасында түрлі көрсеткіштердің болғанын сарапшылар тілге тиек етті. Аталмыш индекстің көш басында Дания мемлекеті тұр. Жалпы ұпай саны 92. Ал Солүстік Корея мен Сомали елдері керісінше төменгі орындарға жайғасқан.