• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы бизнесті жүргізуге  ең қолайлы қала атанды 31.03.2017

«Әлеуметтік зерттеуді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерелер палатасының тапсырысымен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Экономикалық зерттеулер институты жүргізді. Зерттеудің ерекшелігі өңірлердегі бизнесті жүргізуге қолайлылық рейтингісі мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі рейтингісіне дайындықта. Сауалнамаға 2016 жылы  4100 респондент-кәсіпкер қатысты, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп», – деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

«Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары  «Іскерлік ахуал-2016» зерттеуі Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мен бизнес ахуалды жақсартудың  негізіне  айналатындығын атап өтті.

«2015 жылмен салыстырғанда  оңтүстік мегаполис екі сатыға көтеріліп, Астананы екінші орынға түсірді. Сондай-ақ, рейтинг бойынша үшінші орында тұрған   ОҚО 2015 жылға қарағанда көрсеткішін  3 орынға  жақсартты. Рейтингті аяқтайтын өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстары бар», - деді Р.Жүрсінов.

Айта кетейік, «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі The World Bank, Bank of Amerika, British Government, Financial Times and The Economist, Ernst & Young, «Опора России» секілді компаниялардың бизнес-барометр тәжірибесіне негізделген.

Қайрат Жандыбаев

 


Back to the list