06.06.2017
Дүниежүзілік банктің Doing Business жаһандық рейтингісі бойынша 10 индикатор негізінде әлемнің 190 мемлекеті реттеледі.
«Бизнесті жүргізу индикаторы оның өмір сүру жолын айшықтай түседі. Мысалы, сіз бизнеспен айналысқыңыз келді делік. Кәсіпорынды ашу үшін, оны жүргізу және дамыту үшін қанша уақыт кететінін, қандай қиындықтармен кездесетініңізді және бизнесіңізді қалай қорғауға болатынын білуіңіз керек және т.б. Барлық индикаторлар нақты және ашық. Рейтинг бүкіл әлемде танымал және жетекші бизнесмендердің алдынан әрқашан табылады. Ол адамның инвестиция жасауына үлкен әсер етеді», - деп атап өтті вице-министр журналистерге.
Соңғы онжылдықта Қазақстан төрт мәрте Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу» баяндамасында жетекші әлемдік реформаторлар қатарына енгізілді, ал 2017 жылы 35-орынды иеленді.
«Осыдан бірнеше жыл бұрын біз 86 орында болдық, ал 2017 жылы 35-орынды иелендік. Жаһандық баяндамада Қазақстан еліміздің бизнесі шоғырланған ең ірі қала Алматы негізінде бағаланған. Алайда Алматы бүкіл елдегі жағдайды ашып көрсетпейтіндіктен, Қазақстан зерттеу аясын кеңейтіп, өңірлердегі күрмелі мәселелерді анықтау және де үздік тәжірибемен алмасу үшін суб-ұлттық рейтингті өткізу туралы шешім қабылдады», - деп толықтырды С. Жұманғарин.
Осы ретте, Қазақстанда бизнес жүргізудің алғашқы суб-ұлттық рейтингісі 8 аймақта кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесін келесі төрт көрсеткіш бойынша бағаланатын болды. Олар: кәсіпорынды тіркеу, құрылысты жүргізуге рұқсат алу, электр қуатымен қамту жүйесіне қосылу және жылжымайтын мүлікті тіркеу.
«Рейтинг - ол жарыстың бір түрі. Бүгін сен көш бастап тұрсын, ертең кішкене аялдап жан-жағына қарайсың. Президент айтып кеткендей, егер бір орында тұрғын келсе сен жылдам жүруің керек, егер алда болғың келсе онда жүгіруің керек. Бірлесіп жұмыс істеу үшін Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Doing Business рейтингісі премьер-министрдің жеке бақылауында. Ол бәрінің басын қосып, нәтиже талап етеді. Ал, Дүниежүзілік банкке бірінші кезекте нәтиже керек», - деп түсіндірді спикер.
Сонымен қатар, жыл соңында ҚР Үкіметі безнесті жеңіл жүргізу көрсеткіші бойынша қалалар мен аймақтар рейтингісі жасалады.
«Арнайы жүлделер енгізіледі және олар Елбасының алдында тапсырылады. Ұзақмерзімді және жалғасатын жұмыстарға дайындалу керек. Біз бұл суб-ұлттық рейтингті еліміздің барлық аймақтарына таратуды көздеп отырмыз, бұл еліміздегі іскерлік климатты жақсартуға мүмкіндік береді», - деп түйді Серік Жұманғарин.
Ақбота Күзекбай
Видео Армана Мұхатов