06.06.2017
Бизнесті жүргізудің субұлттық рейтингі мемлекеттер саясатының құралы болып табылады.

«Біз заңнамалық негіздегі айырмашылықтарды көрдік, Қазақстанның заңнамалық негізін бірқатар басқа елдермен салыстырып, елдердегі заңнаманың қалай қолданылатынына қатысты шағын айырмашылықтарды таптық. Қазақстанда бұл өңірлерді өзара салыстыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар әлемнің 189 елімен салыстыру мүмкіндігі болып табылады. Мысалы, Ақтөбе өзін тікелей Шанхаймен салыстыра алады», - деді М. Капаул.
Миерта Капаул әлемнің 5 елі: Кения, Мексика, Польша, Оңтүстік Африка және Испанияда кәсіпкерлер меншікті қалай тіркейтіні туралы мысал келтірді.
«Бұл елдер әр түрлі болып келеді, себебі олардың кейбіреулерінде федералды жүйе болса, енді біреулерінде орталықтандырылған жүйе. Субұлттық деңгейде үлкен айырмашылық бар. Мысалы, Мексикалық Пуэбло қаласында меншікті тіркеу үшін 9 күн қажет болса, Гуахаркода 70 күн қажет. Бұл 8 есе ұзақ. Мәселен, Испаниядағы екі қалада да белгілі бір айырмашылықтар бар», - деп бөлісті ол.
Сондай-ақ, бизнесті жүргізудің жаһандық рейтингінде елді танытатын Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласы «электр қуатына қосылу» индикаторы бойынша 158-орынды алды.
«Егер 190 елмен салыстыратын болсақ, бұл өте төмен индикатор. Мысалы, Кейптаунда (Оңтүстік Африкадағы қала) кәсіпкер асығыс болған жағдайға арналған жылдамдатылған рәсім бар және ол өз жұмыстарын айтарлықтай жылдам орындай алады. Ал Буффалода инспекция бірнеше апта талап етілетін белгілі бір елмен салыстырғанда меншікті тіркеу үшін 8 күнге жуық уақыт жұмсайды. Буффало арзан қала: мұндағы еңбек, материалдар құны басқа қалалармен салыстырғанда 6%-ға арзан. Егер біз Оңтүстік Африкадағы барлық озық практиканы жинайтын болсақ, Оңтүстік Африканың жаһандық есебіндегі рейтинг 158-орыннан 29-орынға көшетінін байқаймыз. Бұл Оңтүстік Африкада орын алатын озық практиканың арқасында ғана осындай позицияға ие болу үшін үлкен серпін», - деп қосты Миерта Капаул.
Оның айтуынша, бизнесті жүргізуді реформалау құралы проблемалы орындарды анықтауға, саясатты реттеуге қатысты. Сондай-ақ, ол қандай да бір салада оңай бейімделіп, қолданыла алатын жергілікті озық практиканы да сипаттайды.
"Салыстыра келгенде, бір өңірде бизнесті жүргізу басқа өңірлермен салыстырғанда күрделі болатынын түсіндіру әкім үшін анағұрлым күрделі міндетке айналады. Бизнесті жүргізудің субұлттық рейтингі бір елдегі реттеу мен құқықтық қолдану практикасындағы жергілікті айырмашылықтарды өлшеп, айқындайды», - деп нақтылады спикер.
Еске сала кетейік, Астанада «Қазақстанда бизнесті жүргізудің субұлттық рейтингі» атты Дүниежүзілік банктің тобының кездесуі өтуде, оның барысында Қазақстан өзінің бизнес-климатын едәуір жақсарта алатыны туралы айтылды.
Бұрын ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда жыл соңында бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша қалалар мен өңірлер рейтингі өтетінін хабарлаған болатын.
Ақбота Күзекбай
Фото Қайрат Жандыбаев