• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-ның  7 ауданы 100 пайыз мемлекеттік тілді біледі 31.05.2017

ШҚО-ның тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі  Айдын Шаймардановтың  айтуынша, алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін  инновациялық технологиялар  енгізілді. Мәселен, мемлекеттік тілді  мультимедиялық жүйе арқылы білгісі келгендерге  kazcenter.kz. сайтында «Қазақша сөйлеп үйренеміз»  тегін қызметі бар.

«Бүгінгі таңда сайт қызметіне  1 млн адам жүгініп отыр. Оның ішінде  7 мың адам қазақ тілін мультимедиялық  кабинетте үйреніп жатыр», - деді А.Шаймарданов.

Сондай-ақ, егде жастағыларды оқыту бойынша  оқыту жүйесі әзірленді. Облыс бойынша  1 облыстық және  11 тілдік орталық  қала мен аудандарда  жұмыс істейді.

Тілдер орталығының негізінде  12452 адам білім алып жатыр, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер 4537,  бюджеттік сала қызметкері 4409,  3506- егде жастағылар құрап отыр. 


Back to the list