19.10.2016
«Үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру аясында Білім және ғылым министрлігі Professional Development Centre компаниясымен бірігіп пилоттық режимде химия, биология, физика және информатика мектептерінің 75 ұстазын соңғы халықаралық әдіс бойынша ағылшын тіліне үйретіп жатыр», - деді А.Оразаева.
Оның айтуынша, компания тілдік және кәсіптік біліктілікті арттыру үшін оқыту – әдістемелік бағдарламаны ұстаздарға арнап дайындады.
«Бізде жоғарыбілікті халықаралық сертификатқа ие мамандар жұмыс істейді. Біздің компания Cambridge English Language Assessment бірге жұмыс істейді, біз тіркелген орталық болып саналамыз», - деді ол.
Оқыту 3 қазаннан 21 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. 2,5 ай ішінде мұғалімдер ағылшын тілінің дәрежесін көтеріп, пәндерді ағылшынша жүргізуге септігін тигізеді.
Сарапшы айтып өткендей, B1 – түсіндіруші ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ойын жеткізе алатын деңгей.
«Мұғалімдер берілген уақыт ішінде ағылшын тілін тиісті дәрежеде меңгеріп шығады. Кейін олар тест тапсырып, University of Cambridge-тің халықаралық сертификатын алады. Бағдарлама 3 модульден тұрады. Яғни, Starter деңгейінен – А1 деңгейіне дейін. Кейін А2 деңгейінен В1 деңгейіне дейін меңгеріп шығады. Мұғалімдер 2,5 айдың ішінде ағылшын тілін түсініп, оқып-жаза алатын деңгейде болады. 4 пәннің мұғалімдері өз сабақтарына қатысты ағылшын тіліндегі терминдерді меңгереді. Біздің мамандар бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұғалімдер курсқа 100% қатысуда», - деді Г. Кенжина.
Курс аяқталған соң әрбір педагог емтихан тапсырып, өзінің білімін шыңдауы керек. Бұл қазақстандық мұғалімдерге бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
«Курс аяқталған соң тестілеу өткіземіз, тестілеуді біз емес «Cambridge English language online –test» тәуелсіз халықаралық орталық өткізеді. Бұл тесті өткен адамның білім деңгейін тәуелсіз компания өткізеді», - деді ол.
Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР БҒМ жоспарымен бөлісті. 2019 жылдан бастап Қазақстанда үш тлде білім беру енгізіле бастайды.
Индира Кауметова
Сурет: Азамат Әлиев