• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақ тілі Google аудармашы жүйесінің бір бөлігіне айналды 14.12.2014

Аталып өткендей, «Google Translate» (Гугл аудармашы) аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы «WikiBilim» қоғамдық қоры жүзе асырып жатқан қазақтілді интернетті дамыту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. 2012 жылдың көктемінде аталмыш бастамаға аудармашы қызметін дамытумен айналысатын «Google» командасы қолдау білдіретіні жөнінде келісімге қол жеткізілген болатын. «Google» онлайн аударма қызметі статикалық аударма жүйесіне негізделген. Жаңа тілдің жүйеге енгізілуі үшін жүйеге енген тілдерден енгізілгелі тұрған тілге дәлме-дәл аударылған үлкен көлемдегі мәтіндер қажет. Әдетте, бұл шаруамен жаңа тілдің жүйеге енуіне мүдделі еріктілер айналысады. «Google» өз тарапынан қажет құралдармен қамтамасыз етіп, техникалық қолдау көрсетеді.

 «Бұл екі жылдық жұмыстың нәтижесі. Әлемде  қолданушылары көп және Google-дан лингвистикалық платформасы бар  барлығы 90 тіл бар.  Beeline компаниясы «Google Translate+Kazakh» жобасының басталғалы серіктесі болып табылады. Біз қазақ тілінің ғаламдық онлайн аудармашыға қосылуы интернеттегі қазақтілді мазмұнды және білім беруді дамытуға үлкен серпін береріне сенімдіміз» – деді  «WikiBilim» қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы.  


Back to the list