03.11.2014
«Байқауды өткізудің мақсаты үш тілді меңгерген дарынды жастарды қолдау және мадақтау, тіл мәдениетін қалыптастыру, жастарға қазақстандық патриотизм сезімін ұялату, басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тіліне деген сыйластықты қалыптастыру болып табылады», - делінген хабарламада.
Байқауға «Болашақ» университеті, Қарағанды экономикалық университеті, политехникалық университеті, Орталық Қазақстан Академиясы, политехникалық, гуманитарлық, техника-құрылыстық, кәсіби-техникалық колледждері және «Болашақ» колледжінің 18-30 жас аралығындағы студенттері мен оқытушылары қатысты.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді: өзін таныстыру, Қарағанды қаласының 80-жылдығы тақырыбында эссе жазу және ілеспе аударма жасау.
Қазылар алқасының құрамында болған Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқытушылары – Ақжүнісов Н.Б, Мәуленова А.М және Тлеубаева Ш.К І дәрежелі дипломмен үш тілді еркін меңгергендігін көрсете алған «Болашақ» колледжінің оқытушысы Нурекенова Айнұр Әбілкәрімқызын мараппаттауды жөн көрді.
ІІ дәрежелі дипломмен Қарағанды экономикалық университетінің студенті Абдакимова Әсел Маратқызы және соңғы ІІІ дәрежелі дипломмен Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушысы Елемесова Аида Болатқызы марапатталды.
«Қазылар алқасы қатысушыларды тілді меңгеру, өзін таныстыру мазмұны, актерлық шеберлік, көрсетілген номердің әсері бойынша бағалады.Сондай-ақ, «Өзін үздік таныстырған», «Үздік эссе», «Үздік ілеспе аудармашы» номинациялары бойынша алғыс хаттар берілді», - делінген хабарламада.